Біздін ұстаздар

Нурсеит Абдумталіұлы Омаров 1985 жылы 3 маусымда дүниеге келген Білімі: 2003-2008 Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия Университеті «Қазақ тілі және әдебиеті» 2011-2014 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде «Исламтану» 2014-2016 Шет тілдер және іскерлік карьера университеті «Дінтану» магистрі. 2021- Халықаралық ислам академиясы «Исламтану» PhD докторанты Еңбек жолы: 2009-2010 Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының аналитикалық ақпарат орталығында маман. 2014-2015 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде арнайы пәндер ұстазы 2015 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі директор орынбасары 2015-2018 қосалқы түрде медресе жанындағы «Қасым қажы» мешіті Бас имам. 2018-2020 Павлодар облысындағы мешіттерде ұстаздық. 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұйрығымен ҚМДБ Павлодар қаласындағы Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.
ҚАИРГЕЛДІ АРМАН Директордың орынбасары Өмірбаян Қаиргелді Арман 1993 жылдың 23 мамырында Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қарақоға ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Шұға ауылдық «Х.Шаяхметов» атындағы орта мектепті тәмадаған. 2011-2014 жылдар аралығында «Астана» медресесінде тәлім алды. 2014-2017 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінде оқыды. 2017-2019 жылдары Павлодар облысы, Ақтоғай аудандық «Жандарбек» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2019-2020 жыл аралығында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде тәрбиеші. 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Павлодар қалалық «Бижан» мешітінде наиб имам болған. 2021 жылдың басынан «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде ұстаз қызметін атқаруда. Үйленген, 1 қызы бар.
Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы Арнайы діни пәндер ұстазы Өмірбаян Мен, Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы 1991жылы 8 желтоқсанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келдім. 1999-2010жылдары Бидайық орта мектебінде оқыдым. 2010-2013 жылдар арасы Астана қаласындағы «Астана» медресесін қызыл дипломмен тәмамдадым. 2013жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» универсетіне «Исламтану» факультетіне түстім. 2016жылы аталмыш оқуды аяқтадым. Сол жылдың маусым айынан бастап 2018жылға дейін Жаңаарқа ауданындағы «Орталық мешітте» Бас имамдық қызметін атқардым. 2018жылы Түркиядағы Қайсери қаласында орналасқан «Хасеке» академиясына оқуға түсіп, 2021жылы оқуды аяқтадым. 2021жылдың қырқүйек айынан бастап Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде ұстаздық қызмет атқару үстіндемін. Отбасылық жағдайым: Үйленгенмін. 2 балам бар.
Ержан Батырбек Серікбекұлы Арнайы діни пәндер ұстазы Өмірбаян Ержан Батырбек Серікбекұлы 1997 жылы 13 қазанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 2003-2015 жылдар аралығында Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарағұр жалпы орта мектебін бітірген. 2015-2018 жылдар аралығында Павлодар қаласының Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжін оқып тамамдаған. 2018 жылы III республикалық медресе колледж аралық олимпиадаға қатысқан. 2018-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Нұр Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің «исламтану» факультетінде бакалавр дәрежесін тәмәмдаған. Ата-анасы: әкесі Ержанов Серікбек Ибрайымұлы бугалтер болып жұмыс жасайды, анасы Қалдаулетова Айнагүл Атымтайқызы үй шаруасында. Отбасылық жағдайы: үйленбеген
Акбас Нұрисләм Юсупұлы Арнайы діни пәндер ұстазы Өмірбаян Акбас Нұрисләм Юсупұлы, 1994 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан республикасы, Павлодар қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 2001-2012 жылдар аралығында Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылындағы орта білім беру мектебінде оқыған. 2013 жылы Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша V республикалық Құран байқауына қатысты. 2012-2015 жылдары Павлодар қаласының Әбу Бәкір Сыддық медресесінде тәлім алды. 2015-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Нұр Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің «исламтану» факультетінде бакалавр дәрежесін тәмамдаған. 2018 Нұр-Сұлтан қаласында Деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында теологтар мен басқа мамандардың біліктілігін арттыру курсын толық меңгеріп шықты. 2018 жылы «Діни экстремизмге қарсы тұрудың позитивті тәжірибелері» имамдарға арналған семинарға қатыстым. 2018-2019 жылдары Павлодар қаласы Кенжекөл ауылында «Шайқы ата» мешітінде Имам қызметінде болды. 2019 жылы «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» республикалық курсын нәтижелі түрде аяқтады. 2019 жылы Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауына қатысқан. 2020 жылы Алматы қаласындағы «Вайнах» мешітің бас имамы Алсабеков Мухамад-Хусайн Усмановичтің хатшысы қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары Алматы қаласының Нұр Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің «дінтану» факультетіндегі магистратура оқуын тамамдады. Ата-анасы: әкесі – Акбас Юсуп Амалгелдіұлы имам қызметін атқарып жатыр. Анасы – Акбас Ботагөз Байтасқызы үй шаруасында. Отбасы жағдайы: үйленген, үш баласы бар. Мекен жайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Достық көшесі 75-ші үй.
Совет Есімбек Өмірбаян Совет Есімбек 1989 жылдың 28 қазанда дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Воскресенка ауылдық «Воскресенка» орта мектебінде тәлім алған. 2011 жылы «Астана» медресесін тәмамдаған. 2011-2014 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетін бітірген. 2014 жылдан бастап «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде ұстаз және 2017 жылдан бері Омар әл Фаруқ мешітнде имам қызметін атқаруда. Үйленген, 3 баласы бар.