Медресе шәкірті облыстық Құран жарысынан жүлделі оралды.

Барлық жаңалықтарға оралу

Павлодар облысы, Екібастұз қаласында ІХ Республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу байқауының іріктеу сыны болып өтті. Сайысқа Кереку өңірі бойынша 21 үміткер қатысып, бақ сынады. Сайыстың алдында арнайы Құран оқылып, әлемді жайлаған індеттен көз жұмған марқұмдарға дұға дасалып, оқылған Құранның сауабы бағышталды. Сайыс екі номинация бойынша өтті. Дәлірек айтсақ, үміткердің Құранды тәжуидпен, әрі, көркем дауыспен мәнерлеп оқуына және билеттегі діни және тәжуидке қатысты сұрақтарға жауап беруіне қаралып баға берілді. Аталмыш сайысқа Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінің 1-курс шәкірттері Мирзашарипов Абдулазиз бен Амралинов Ержан да қатысып, Амралинов Ержан Құранды мәнерлеп оқу бойынша жүлделі 2 орынды иеленді. Облыстық сайыстан жүлделі орын алған шәкірттеріміз жігерленіп, алдағы уақытта Республикалық сайыстарда бақ сынауды мақсат етіп оралды.