Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «әл-Фараби» залында өткен 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған бірқатар Орталық аппарат қызметкерлері «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Барлық жаңалықтарға оралу

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма қызметкерлерінің пандемия жағдайына қарамастан тындырымды жұмыс істеп, уағыз-насихат пен ағартушылық, қайырымдылық бағытында жемісті еңбек еткенін ерекше атап өтті. Мерекелік медаль ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшілері Мұхаммед Хусейн қажы Алсабеков, Балтабай Мекежанов пен Бижігіт Нұржігітұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сондай-ақ Діни басқарманың бөлім меңгерушілеріне табысталды.