"Әбу Бәкір Сыддық" медресе колледжі - Павлодар

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжі» жеке мекемесі, Павлодар қаласы, Павлодарское ауылы, Абай көш, 40-та орналасқан.
Тіркеу органы: Павлодар қалалық Әділет басқармасы. Тіркелу куәлігі № 1273-1945-М-е, 2017 жылы 23 қаңтар, БСН 090540010378 Мемлекеттік лицензияны берген орган: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 09.10.2020 ж, № KZ02LAA00018983.
Медресенің оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.
Оқытатын мамандығы: 0112000 «Исламтану»
Біліктілігі:0112013 «Имам хатиб»
Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
Оқу түрі күндізгі.
Директор: Омаров Нурсеит Абдумталиевич
Телефоны: 87028744518
Медресе қабырғасында еліміздің түрлі аймақтарынан келген шәкірттер білім алуда.

Материалдық-техникалық базасы

Оқу корпусы 2 қабаттан және цоколмен қатар қызметтік құрылыстардан тұрады. Бірінші қабатта – оқу аудиториялары, әкімшілік және оқытушылар бөлмесі, медициналық пункт, компьютер сыныбы, екінші қабатта кітапхана, жатын бөлмелер орналасқан. Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі. Спорт алаңы мен спорт залы бар.

Оқытушылардың құрамы

Медресе колледжде 12 оқытушы сабақ береді. 3 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.